«Ақ жол» партиясының көшбасшысы автоәуесқойлардың бейнетіркегіштерге жазып алған кез келген жол көлік оқиғасы бейнежасына ақы төлеуді ұсынды.
Азат Перуашев бұл ұсынысты ҚР Бас прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңестің жол қозғалысының қауіпсіздік мәселелеріне арналған отырысында жария етті.
Қазір ХХІ ғасыр, көптеген автомобильде бейнетіркегіш тұр. Ондағы жазбалар бойынша оқиғаның қалай болғанын анықтау қиын емес. Әркім, өзін-өзі осындай бұрмалаулардан қорғау үшін тіркегіш қойса, онда іс басқаша. Өйткені, тіркегіштің жадысында объективке түскен барлық ЖКО-ы сақталады.
Басқа көліктің қатысуымен болған кез келген ЖКО-ның мән-жайы түсірілген жеке бейнетіркегіштердің жазбаларын ІІМ органдарына немесе прокуратураға әкеліп бергендері үшін 2 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейінгі азғантай төлем енгізу қажет,-деді Азат Перуашов.
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осы ұсынысты іске асыру үшін қарастыруды тапсырды.