Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында Тәжікстанға ресми сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында Тәжікстанға ресми сапармен барады

16.06.2014
Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында Тәжікстанға ресми сапармен барады
Биылғы қыркүйек айында Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің Душанбеде өтетін кездесуіне дайындық жүргізілуде.
 
Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы саяси құрылымдары арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған әріптестік жоспарына қол қою барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.
 
«Осы жылдың қырқүйек айында Душанбеде  өтетін екі ел басшылары кездесуінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын келіссөздер нәтижесі бойынша ел басшылығы мен Үкіметіне баяндап отыратын боламыз», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.
 
Оның айтуынша, соңғы жылдарда екі ел арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. 2013 жылы арадағы тауар айналымы 700 миллион долларға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Бізге тауар айналымы көлемін одан әрі өсіріп, жуық арада өзара сауда-саттықтың номенклатурасын кеңейту қажет. Біздің екіжақты пайымдауымызша, бүгінде екі ел арасында инвестициялық, көліктік-коммуникациялық, ауылшаруашылық, мәдени-гуманитарлық және басқа да көптеген сала бойынша үлкен әлеует бар», - деді СІМ басшысы.
 
Өз кезегінде Тәжікстан Сыртқы істер министрі  Сироджиддин Аслов Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы әріптестік туралы жан-жақты талдай келе, екі елдің әріптестігі жақын туыстық, достық негізде құрылғанын атап өтті.
 

Хабарламаларға жазылу