Женевада су үстіне пианино орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада су үстіне пианино орнатылды

15.06.2014
Женевада су үстіне пианино орнатылды
Женевада  «Ойнаңыздар, мен сіздерге қызмет көрсетуге дайынмын!» атты фестиваль өтуде.
 
Қалыптасқан дәстүр бойынша, фестиваль аясында көшелерге музыкалық аспаптар қойылады.
 
Ал, биылғы жылы осындай  құралдардың бірі, атап айтқанда, пианино су үстінде тұр.
 
Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары 40 музыкалық аспап түрін еркін пайдалана алады.
 
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі фестиваль 22-маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Хабарламаларға жазылу