Астанада су үстіне сахна салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада су үстіне сахна салынбақ

01.01.2014
Астанада су үстіне сахна салынбақ
Астана қаласының паркі көп уақыттан бері тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған. Парк 1960 жылы салынған, онда үлкен-кішінің бәрі жиналады.
 
Астаналық паркте үш жыл бойы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта онда судағы сахна салынуда. 2000 орындық көрермендер залы ашық аспан аясында орналасатын болады.
 
Бұл алаң түрлі мәдени іс-шараларды, концерттер, фестивальдер мен байқауларды ашық аспан аясында өткізуге мүмкіндік береді.
 
Астанада екі жылдан бері Қала күнін атап өту аясында Есіл өзенінде «Дыбыс өзені» классикалық музыка фестивалі өткізіліп келеді. 

Хабарламаларға жазылу