Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауыннан «Өскемен-Зырян-Рахманов қайнары»тасжолының 447-шақырымындағы Арасан өзенінен өтетін ағаш көпірді су шайып кеткен болатын.
Қазіргі таңда көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты аталған автожолдың 430-450 шақырымдарында барлық көлік түрлеріне жол қозғалысы шектелді.
Аталған аймақта тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.
|