Шымкентте тек қыз-келіншектер ғана айдайтын таксилер қызмет көрсете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тек қыз-келіншектер ғана айдайтын таксилер қызмет көрсете бастады

13.06.2014
Шымкентте тек қыз-келіншектер ғана айдайтын таксилер қызмет көрсете бастады
Шымкентте жүргізушілері қыз-келіншектерден құралған ерекше жедел такси қызмет көрсете бастады.
 
Олар, тіпті, автокөліктің дөңгелегін өздері үрлеп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізе береді.
 
Жүргізушілер арнайы кастинг арқылы таңдалып алынды. Басты талап - көлік айдау тәжірибесі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

Әйел жүргізушілерден құралған жедел такси қызметінің басшылығы осы кәсіпті қолға алар кезде тұтынушыларының басым бөлігі қыз-келіншектер болады деп бағамдаған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Хабарламаларға жазылу