Шымкентте жүргізушілері қыз-келіншектерден құралған ерекше жедел такси қызмет көрсете бастады.
Олар, тіпті, автокөліктің дөңгелегін өздері үрлеп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізе береді.
Жүргізушілер арнайы кастинг арқылы таңдалып алынды. Басты талап - көлік айдау тәжірибесі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
Әйел жүргізушілерден құралған жедел такси қызметінің басшылығы осы кәсіпті қолға алар кезде тұтынушыларының басым бөлігі қыз-келіншектер болады деп бағамдаған, деп хабарлайды Otyrar.kz. |