Алматыда 2018 жылы жеңіл рельсті көлік желісі іске қосылады
|
Алматыда 2018 жылы жеңіл рельсті көлік желісі іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігінде өткен кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қала әкімінің төрағалығымен өткен бұл кеңесте жеңіл рельсті көлік құрылысы жобасына қатысты техникалық-экономикалық дәйектеме мәселесі талқыланды.
Кеңесте Ахметжан Есімов мегаполис үшін экологиялық жағынан таза көліктің тиімділігі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Метро ашылғалы бері алматылықтар жүрдек транспорттың артықшылықтарын бағалап та үлгерді. Енді жеңіл рельсті көлік те жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Одан басқа, біздің жолдардың жай-күйін және трамвай жолдарының бар екендігін ескерсек, бұл жоба әлемнің басқа қалаларындағы жеңіл рельсті көлік желілерімен салыстырғанда арзанға түседі», - деді Ахметжан Есімов.
Мамандардың айтуынша «жеңіл рельсті көлікті енгізудің арқасында қала көшелерінде көлік кептелісі азаяды, жаңа жұмыс орындары ашылады, ауаға тарайтын зиянды қалдықтар азая түседі және салықтық түсімдер көбейеді.»
Жоба бойынша жеңіл рельсті көлік желісі қаланың батысы мен орталығын жалғастырады. Қашықтығы 22,3 шақырымды құрайды.
Жобаға сәйкес, жеңіл рельсті көлік желісін іске қосу 2018 жылға жоспарланып отыр. Кеңес соңында қала әкімі бейінді құрылымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
ҚазАқпарат
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02