ҰБТ: Оңтүстікқазақстандық екі түлек жоғары балл алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ: Оңтүстікқазақстандық екі түлек жоғары балл алды

08.06.2014
ҰБТ: Оңтүстікқазақстандық екі түлек жоғары балл алды
6 маусым күні  8 274 түлек сынақ тапсырды. 19 пунктте өткізілген тестілеу барысында ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 3 сынақ тапсырушы аудиториядан шығарылды.
 
Аудиторияға кіреберісте сынақ тапсырушылардан 3 762 ұялы телефон, 3 827 шпаргалка, 231 калькулятор, 16 фотоаппарат, 5 рация, 4 блютуз, 13 - 4G, 1 WI-FI, 1 интернет-модем тәркіленді. Ең жоғары көрсеткішке 2 түлек қол жеткізді.
 
Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің бітірушісі Ұлпан Ержанова мен Шымкент қаласындағы №23 мектептің түлегі Шахзода Ахмеджанова ең жоғары ұпайды қанжығаларында байлады.
 
Бұл күні 100 балдан жоғары алған мектеп бітірушілердің саны 1 469 (17,8 %) жеткен (2013 жылы - 1 147 (12,3 %).
 
Орташа балл - 77,2 (2013 жылы - 74,6 балл) болса, шекті 50 балды жинай алмағандардың саны - 1 997 (24,1 %) (2013 жылы - 2 603 (28 %) болды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.
 

Хабарламаларға жазылу