Түркі мемлекеттері ұйымының құрылғанына – 15 жыл
Әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұрған тұста, түркітілдес елдердің өзара ынтымағын арттыра түскені абзал. Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуына 15 жыл толуына орай, Анкарада өткен жиында бауырлас елдердің өкілдері осылай деді. Бас қосқандар экономика, білім беру және мәдени саладағы ынтымақты арттырудың тетіктерін талқылады. Бұдан бөлек, ұйымға мүше елдерде туындаған күрделі мәселелерді бірлесіп шешу жолдары да айтылды. Жиын аясында сондай-ақ, арнайы фотокөрме ұйымдастырылып, түркітілдес елдердің фильмдері де көрсетілді.
Қубанычбек Өмірәлиев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы:
Түркі мемлекеттері ұйымы саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларда өзара ынтымақтастықты нығайтудың негізгі іргетасына айналды. Қазіргі таңда 30 сала бойынша ықпалдастық тереңдеп келеді. Бұл ілгерілеу ұйымға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің бірлесе жұмыс істеудегі ерік-жігерінің бір көрінісі.
Сейит Юсуф, Халықаралық Түрксой ұйымы Бас хатшысының орынбасары:
Нахчыван келісімі түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, Түркі әлеміне бірлесу үшін жаңа платформа ұсынды. Түрік мемлекеттері ұйымы бүгінде халықтарымыз арасындағы мәдени, экономикалық және саяси ынтымақтастықты нығайтып отырған маңызды халықаралық ұйымдардың біріне айналды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44