Биыл Қазақстанда брондалған әскери көлiктер шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда брондалған әскери көлiктер шығарылады

07.06.2014
Биыл Қазақстанда брондалған әскери көлiктер шығарылады
 Жыл соңына дейiн Қазақстанда брондалған әскери көлiктер шығарыла бастайды. Бұл туралы  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов мәлiм еттi. 
 
Компания басшысының атап өткенiндей, көлiктер Қазақстанда жасалады және елiмiздiң қарулы күштерiне арналады.  
 
Оның айтуынша, жақын күндерi қарулы күштерде аталмыш көлiктердi сынақтан өткiзу жұмыстары атқарылмақ. 
 
«Бұл жоба аясында бiз азаматтық мақсаттағы көлiктердi де шығаруды көздеп отырмыз. Мүмкiн олар джиптер немесе өрт сөндiру көлiктерi болуы ықтимал. Ол мәселе қарастырылуда. Бұл жобаға қатысты шетелдiк компания бiзге барлық құжаттарды тапсырады. Брондалған көлiктер қазақстандық бренд болады деген сөз», - дедi Б. Смағұлов. 

Хабарламаларға жазылу