Ұлттық тестілеу орталығы тест сұрақтарында кемшіліктер болғанын мойындады

07.06.2014
Ұлттық тестілеу орталығы тест сұрақтарында кемшіліктер болғанын мойындады
Ұлттық тестілеу орталығы кейбір тест сұрақтарында кемшіліктер кеткенін мойындайды.  Бұл туралы бүгін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Қали Әбдиев мәлімдеді.
 
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған сұрақ кітапшалары бірнеше рет тексерістен өтеді. Бірақ ол біздің баспаханада басылғандықтан, кейбір кемшіліктер болғаны рас.
 
 Атап айтқанда, физика пәнінен бір сұрақтың суреті кітапшаға түспей қалған. Орыс тілі пәні бойынша бір сөздің асты сызылмай қалған», - деді Қ.Әбдиев.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу