Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы келісімге жақын арада қол қоюдан үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы келісімге жақын арада қол қоюдан үмітті

03.06.2014
Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы келісімге жақын арада қол қоюдан үмітті
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келісімге жақын арада қол қоюдан үмітті.
 
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ  мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.
 
«Қазақстан мен Беларусь Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу қадамдарын жалғастыра береді. Қазақстан тарапының келісімге қол қоюына аз уақыт қалды», деді министр.
 
Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстан тарапы сауда саласындағы ресейлік және америкалық әріптестерімен бірге Женевадағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселесін талқылайтын шешуші жиынға қатысады.

«Қазақстанның ұйымға кіруіне Ресей мен АҚШ және Еуропалық одақтың ықпалы болары анық. Біз бұл мәселенің жақын арада шешілуінен үміттіміз», деді Ерлан Ыдырысов.
 
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Қазақстан өз кезегінде сауда ұйымына мүшелікке өту үшін Беларусь еліне көмегін аямайтынын жеткізді.
 
Trend.az.

 

 

Хабарламаларға жазылу