Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлмейді

02.06.2014
Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлмейді
ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпаратты терiске шығарды.  Ол мұны бүгiн Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнде орналасқан сынақ пункттерiнiң бiрiне келгенде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Оның айтуынша, биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпарат дұрыс емес. Жоспар  бойынша, келесi жылы да сынақ осы форматта өтпек.
 
«Бiрақ, бiзде мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасында 2015 жылдан кейiн мектеп бiтiрген оқушылардың емтихандарына өзгерiс енгiзу көзделген. Оны қазiр арнайы комиссия талқылап жатыр. Содан кейiн 2016 жылдан соң енетiн болса, айтатын боламыз», - деді вице-министр. 
 
Айта кетейiк, бүгiн, 2 маусымда Қазақстанда мектеп түлектерiн Ұлттық бiрыңғай тестiлеубасталдыТахир Балықбаев ұлттық сынақ тапсырмаларын ресми түрде ашты және түлектерге сәттiлiк тiледi.

Хабарламаларға жазылу