20 зағип жұптың некесі қиылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 зағип жұптың некесі қиылды

01.06.2014
20 зағип жұптың некесі қиылды
 
Сауд Арабиясының астанасында алғаш рет жанарынан айырылған жиырма жұптың неке қию рәсімі өтті. Топтық неке қию рәсімі бұрын ұйымдастырылып тұрғанымен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мұндай шара бірінші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды muslim.kz.
 
Игі бастамаға мұрындық болған - «Әл-Ибрагим» қолдау қоры. Қор  басшысының айтуынша, бұл үлкен ауқымдағы шараның тек құрамдас бір бөлігі ғана.
 
«Бізді алдымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету үшін қыруар жұмыс күтіп тұр», - дейді ол.
 
Сондай-ақ, некесі қиылған әрбір жасқа 20 мың риал көлемінде сыйақы беріліп, мерекелік дастарқан жайылды. Кәсіби мамандар тарапынан жас жұбайларға  ақыл-кеңестер айтылып, арнайы сабақ өткізілді.
 
 

Хабарламаларға жазылу