Мәжілісте «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң талқыланды

28.05.2014
Мәжілісте «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң талқыланды
Спорт шебері болсаң ғана, зейнетақы қорыңа ақша түседі, жұмыс өтілің жүре бастайды. Ал, оған дейінгі кезеңдер саналмайды. Кандидатсың ба, Қазақстан ішінде чемпионсың ба, ешқайсысы ескерілмейді. Мұндай мәліметтер Мәжілісте «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңды талқылау кезінде  айтылды.
 
Депутаттар «Жаңа құжат спортшыларды материалдық, құқықтық тұрғыда қорғайтындай болып түзілуі керек», дейді.
 
«Бұрынғы Заң бойынша  Әлем чемпионы немесе Олимпиада жеңімпаздарына ғана мемлекеттен жалақы бөлініп келген. Ал, облыстық деңгейде өнер көрсетіп жүрген, Азия көлемінде жеңіске жеткендер айлықтан құралақан қалады. Жәрдемақы жергілікті биліктің көңіл-күйіне байланысты беріледі. Мұндай көзқарас спортшының ынтасын өшіреді», дейді депутаттар.
 
«Ақ жол» партиясының өкілі Азат Перуашев  «Отандық спортты дамытқымыз келсе, легионер сатып алуды доғару керек»,- дейді.
 
«Басшылықта отырғандар мықты кадр тәрбиелеп шығарудың орнына, шетелден дайын спортшыны сатып алғанды жөн санайды. Ол алтын ұтып берер, сосын ақшасын алады да, кетеді», деп кейиді депутат.
 
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі:
Егер біз әрі қарай да, өзіміздің спортшыларды ақшаға үйретсек, олар ешқашан елдің намысы үшін қатыспайды. Біз патриот, ұлтшыл  азаматтар тәрбиелегіміз келсе, бапкерлерімізді қолдауды күшейтуіміз керек.
 
Нұрбек БЕКБАУ

 

 

Хабарламаларға жазылу