Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

24.10.2014
Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Асхат Сейсенбеков пен Асқар Есімов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Асхат Сейсенбеков ұзақ уақыттан бері спорт саласында қызмет етіп келеді. Ол VII қысқы Азия ойындары дирекциясын басқарған, бас қауымдастық президентінің кеңесшісі болған. Туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Бұған дейін «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының бас менеджері болды.

Асқар Есімов те көп жылдар бойы спорт саласында еңбек еткен.

Ол Азия ойындарында үлкен жетістікке жеткен «Қайық» федерациясының вице-президенті болған. «Ел спортының дамуына қосқан үлесін ескере отырып, біз оны осы лауазымға тағайындадық», - деді А.Мұхамедиұлы.

Хабарламаларға жазылу