Иманғали Тасмағамбетов «Астананың үздiк кәсiпкерi» сыйлығын тағайындамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғали Тасмағамбетов «Астананың үздiк кәсiпкерi» сыйлығын тағайындамақ

27.05.2014
Иманғали Тасмағамбетов «Астананың үздiк кәсiпкерi» сыйлығын тағайындамақ
Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетов қаланың 16 жылдығына орай, кәсіпкерлерге, инвесторлар мен меценаттарға арнайы сыйлық тағайындауды жоспарлауда. 
 
«Биылдан бастап, қаламыздың кәмелеттiк жасқа толуы кезеңiнен елордалық кәсiпкерлiктi көтермелеудiң маңызды шараларын қолға алу керек. Бiз жыл сайынғы «Астананың үздiк кәсiпкерi», «Елорданың үздiк инвесторы» және «Елорданың үздiк меценаты» сыйлықтарын тағайындамақпыз», - дедi И. Тасмағамбетов бүгiн Астанада өткен Ұлттық кәсiпкерлер палатасының отырысында. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
 
Астана әкімінің айтуынша, сыйлықтар 5 шiлдеде салтанатты қабылдау кезiнде тапсырылатын болады. Ал, байқауды Ұлттық кәсiпкерлер палатасы өткiзедi.

Хабарламаларға жазылу