Алматыда ІТ-мектепті әлемнің беделді тәлімгерлері ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ІТ-мектепті әлемнің беделді тәлімгерлері ашады

22.05.2014
Алматыда ІТ-мектепті әлемнің беделді тәлімгерлері ашады
Алматыда 23-24 мамырда ІТ-мектеп өз жұмысын бастайды. ІТ-мектепте Қазақстанның үздік стартаптары таңдалады.  
 
Шараны ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыту қоры ұйымдастырады.  
 
Стартап-командалар краш-тест арқылы өтеді және әлемнің беделді тәлімгерлерімен бірге жұмыс істеу арқылы үлкен тәжірибеге ие болады.
 
Шараға америкалық Cars.com интернет-порталының негізін қалаушы,  NewEggcorporation директоры Роберт Беллак пен  ресейлік SoflineVentures қорының инвестициялық сарапшы, Magazinga компаниясының негізін қалаушылардың бірі Дмитрий Фирскин шақырылған.
 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыту қорының бас директоры, «Receptive» компаниясының негізін қалаушы Санжар Кеттебеков ең үздік стартапшыларға лекция оқиды.
 

Хабарламаларға жазылу