Бизнестегілердің 65 пайызы әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасайды
|
VII Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» екінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Жиында ұйым, қоғам және мемлекет киберқауiпсiздiгі, е-gov, ашық кiлттер инфрақұрылымының, электронды пошта және әлеуметтік желілердегі аккаунттарға жасалатын хакерлік шабуылдардан қорғану мәселелері айтылуда.
«Адамдар бүгінде өзгеше араласады. Біз телефоннан факсқа көштік. Енді интернетте әлеуметтік желілер арқылы араласатын болдық. Ал 2015 жылдың аяғына дейін қызметкерлердің 75 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланатын болады. Ал қазір бизнестегілердің 65 пайызы әлеуметтік желілерде жарнама жасайды», - дейді конференциясы барысында «Microsoft» компаниясының өкілі.
Оның айтуынша, адамдар кемінде 4 құрылғы пайдаланады: мобильді телефон, компьютер, планшет тағысын-тағы. Сондай-ақ, ол жиын барысында бұлтты технологияларда ақпараттарды сақтау туралы айтты.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05