Американдық корпорацияның Google бренді әлемдегі ең қымбат бренд атанды. 100 сауда маркасынан құрастырылған рейтинг сейсенбі күні жарияланды. Google брендінің құны бір жылда 40 пайызға көтеріліп, 159 миллиард долларға жетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл көрсеткіш аталмыш компанияға өткен жылы бірінші орынды еншілеген Apple американдық технологиялық корпорациясын артта қалдыруға септесті. Рейтингте үшінші орынды IBM компаниясы иемденді. Microsoft компьютерлік гиганты өз орнында қалды (4-орын). Үздік бестікті McDonald's мейрамханалар желісі түйіндеді - 85 миллиард доллар.