АЭФ-ке әлемнің үздік сарапшылары жиналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ-ке әлемнің үздік сарапшылары жиналған

21.05.2014
АЭФ-ке әлемнің үздік сарапшылары жиналған
Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумына әлемнің түкпір-түкпірінен саясаткерлер, экономистер, сарапшы-мамандар жиналған.
 
АЭФ-тің негізгі спикерлері қатарында - ЮНКТАД Бас хатшысы Мухиса Китуи, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары - Неғұрлым төмен дамыған елдер, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер, сонымен қатар шағын аралдық мемлекеттер бойынша БҰҰ-ның жоғары уәкілі Гьян Чандра Ачария,  2007 жылғы Нобель сыйлығының экономика бойынша лауреаты Эрик Маскин, Португалия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Паулу Порташ бар.
 
Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы Әлеуметтік және экономикалық кеңесінің президенті, БҰҰ-дағы Австрия өкілі Мартин Сайдик, Малайзия Премьер-Министрі  Дато Сри Мохд Наджиб Тун Абдул Разак,  1997-2007 жылдар аралығында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияда Премьер-Министрі қызметін атқарған Тони Блэр,  Албания Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Нико Пелеши де бүгінгі форумның негізгі қонақтары.
 
АҚШ, Малайзия, Калифорния, Германия, Бангладеш, Үндістан, Камбоджа, Таиланд, Лаос, Қырғыз Республикасы,  Әзірбайжан, Ауғанстан, Пәкістан, Индонезия, Түркіменстан, Түркия, Тәжістан, Өзбекстан, Катар, Кения, Армения, Эстония, Ресей және т.б. мемлекеттерден сарапшылар қатысады.
 
Сарапшылар форум аясында әлемдік дағдарысқа қарсы күрес шаралары туралы ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салмақ.
 

Хабарламаларға жазылу