Қашағаннан мұнай өндіру көлемін 40 миллион тоннаға жеткізуге болады - Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашағаннан мұнай өндіру көлемін 40 миллион тоннаға жеткізуге болады - Нұрсұлтан Назарбаев

20.05.2014
Қашағаннан мұнай өндіру көлемін 40 миллион тоннаға жеткізуге болады - Нұрсұлтан Назарбаев
«Болашақта ірі кен орны Қашағаннан қытайлық компаниялардың қатысуымен мұнай өндіру көлемін 40 миллион тоннаға жеткізуге болады. Ал ол үшін құбыр қажет. Біз мұны 19 мамыр күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен талқыладық», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық ғаламтор пайдалаушыларымен онлайн сұхбат барысында.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қытай алдында маңызды міндеттердің бірі - дамушы экономиканы энергия ресурстарымен қамтамасыз ету тұр. Қазақстан бұған қатысып, Қытай экономикасына көмек бере алады. Біз қазірдің өзінде Қазақстан арқылы ҚХР-ға газ құбырын, Каспийден Қытайға дейін мұнай құбырын салдық. Өткен жылы біз Қытайға 13 миллион тонна мұнай жеткіздік және оны 20 миллион тоннаға да жеткізе аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен бірге, Елбасы Қазақстанның көмір кеніне де бай екенін әрі көмір өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізгенін атап өтті. 

«Қазақстанда ірі уран кеніші бар және біз Қытайдың АЭС құрылысы бойынша ауқымды жоспары бар екенін білеміз. Біз қытайлық компаниялармен Қазақстанда ядролық отын өндірісінің ірі циклін құруды жоспарлаудамыз» - деді Қазақстан Республикасы Президенті. 

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда көлемі 29 миллиард АҚШ долларына өсіп отыр. «Біздің міндетіміз - Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемін миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 

Хабарламаларға жазылу