Жамбыл облысында 20 үйдің ауласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 20 үйдің ауласын су басты

18.05.2014
Жамбыл облысында 20 үйдің ауласын су басты
Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылында 20 тұрғын үй ауласын су басты, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
 
«Су деңгейі 5 сантметрден 20 сантиметрге дейін көтерілді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, адамдарды қауіпсіз жерге шығару шаралары жүргізілмеді», - деді аудандық әкімдіктен.
Бүгінде ауылдық округ әкімдігі мен Қордай аудандық ТЖБ бірігіп, тазарту және суды арналар арқылы ағызып жіберу жұмыстарымен шұғылдануда.
 
Апаттан құтқару жұмыстарына Қордай аудандық құтқару қызметінің, құрылыс ұйымдарының, аудан әкімдігінің 30-дан астам қызметкері мен 10-нан астам техника тартылды.
 
Ауданда жедел штаб жұмыс істеуде, жағдайды, шығын көлемін бағалайтын комиссия құрылды. Кеңесші ретінде cу шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының мамандары тартылған. Су басуды жою бойынша қаржы бөлу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу