Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін су басты

18.05.2014
Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін су басты
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы деңгейінің көтерілуінен республикалық маңыздағы Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін (Петропавл маңындағы Заречное ауылының маңында 528 шақырымда) су басты, деп хабарлады аймақтық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат».
 
«Су басқан жердің ұзындығы - 20 метр, ал судың тереңдігі  - 20 см құрады. Жол жабылып, жол полициясы бекеттері қойылды. Заречное кенті арқылы айналып өтетін жол істелді», - деп жазылды хабарламада.
 
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Петропавлдың өзінде тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеген.  23 сәуірде облыс орталығындағы Есіл өзенінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Ол 10-15 күнге созылуы мүмкін.  
 

Хабарламаларға жазылу