Елбасы Шымкент қаласындағы №3 емханада болды. Онда Мемлекет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, соның ішінде жаңа технологияларды енгізу үдерісі таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев емхана қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмыстарына табыс тіледі.
Бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын №3 емхана «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында салынған. Ол диагностиканың сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық және иммунологиялық түрлерін қамтитын жаңа диагностикалық құрылғымен жабдықталған.
|