«Союз» ғарыш кемесі Қарағанды облысы аумағына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз» ғарыш кемесі Қарағанды облысы аумағына қонды

14.05.2014
«Союз» ғарыш кемесі Қарағанды облысы аумағына қонды
 
Бортында интернационалды экипажы бар «Союз ТМА-11М» аппараты Қазақстан даласына қонды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
 
«Капсула жоспарланған қону аймағында, Қазақстанның Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтыққа сағат 05:58 кезінде келіп қонды. Жерге қайтып оралған ресейлік Михаил Тюрин, америкалық Ричард Мастраккио мен жапондық Коити Вакатаның жағдайлары жақсы», - деп хабарлады ұшуды басқару орталығынан.
 
Осыған дейін ҰБО-нан хабарлағандай, «Союз» капсуласының қонуын Ресейдің іздеу-құтқару қызметінің 200-ден астам маманы қамтамасыз еткен. Шараға 3 ұшақ, 12 тікұшақ пен 6 іздеу-эвакуациялау машинасы жұмылдырылған.
 
Халықаралық ғарыш станциясында қазір ресейлік Александр Скворцов пен Олег Артемьев, сонымен бірге, Коити Вакатадан ХҒС командирінің міндетін қабылдап алған Стивен Свонсон қалды.
 

Хабарламаларға жазылу