Өскеменде Қазақ-Қытай бизнес өкілдерінің кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Қазақ-Қытай бизнес өкілдерінің кездесуі өтті

03.07.2015
Өскеменде  Қазақ-Қытай бизнес өкілдерінің кездесуі өтті

Өскеменде  «Жаңа ынтымақтастықтың көкжиегі»  атауымен  қазақ-қытай бизнес өкілдерінің кездесуі өтті.

Шараның басты мақсаты - екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті одан ары нығайту.

Жаңа сауда-инвестициялық байланыстар орнату үшін Шығыс Қазақстан облысына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан 80 адам келді.

Делегация құрамына Алтай мен Тарбағатай аймақтарының басшылары мен ірі кәсіпкерлер кірген.

Жиын барысында қонақтарға Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және туризм саласындағы жұмысы баяндалды. Сонымен қатар, көрші елдің кәсіпкерлері облыстың жаңа инвестициялық жобаларымен танысты.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу