Қазақ-Қытай тауар айналымы жылдам өсіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Қытай тауар айналымы жылдам өсіп келеді

28.11.2023

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы он айда 24 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның кездесуі кезінде белгілі болды. Мұндай қарқынмен біз жақын арада екі елдің Мемлекет басшылары белгілеген тауар айналымын 40 млрд-долларға дейін ұлғайту мақсатына қол жеткізе аламыз деді Премьер-Министр. Өз кезегінде Дин Сюэсян биылғы жыл Қазақстан мен Қытай үшін өте жемісті болғанын, Қытай барлық өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін атап өтті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Қазақстан Орталық Азиядағы Қытаймен ашық шекарасы бар алғаш ел болады. Осы жылдың оныншы қарашасынан бастап, күшіне енген визасыз режим 30 күнге дейін Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жаңа тарауын ашады деп есептейміз. Аталғаш шара бизнес байланыстарды ынталандыруға сауданы жеңілдетуге, өзара инвестицияларды ұлғайтуға және туризмді дамытуға үлкен әсерін тигізеді.

Одан бөлек Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен қытайлық мейман Дин Сюэсянның төрағалығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 11-ші отырысы өтті. Іс-шара қарсаңында әртүрлі бағыттар мен салалардағы үкіметаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Комитет отырысы аясында бірнеше келісімге қол қойылды.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу