«Балапан» телеарнасы жариялаған халықаралық жыр байқауының аймақтық іріктеу кезеңдері басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы жариялаған халықаралық жыр байқауының аймақтық іріктеу кезеңдері басталады

12.05.2014
«Балапан» телеарнасы жариялаған халықаралық жыр байқауының аймақтық іріктеу кезеңдері басталады
 
13-мамырдан бастап, «Балапан» телеарнасы жариялаған «Алтын құлын» атты  халықаралық жыр додасының аймақтық іріктеу кезеңдері басталады. Жас жыршыларға арналған  мұндай байқау елімізде тұңғыш рет өткізілмек. 

Сайыс ережесі бойынша, талапкерлер «Алпамыс батыр» және «Қыз Жібек» жырларын жатқа мәнерлеп оқуы керек. Байқауға 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. 

Жыр додасына Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғыз Республикасы елдерінің дарынды балалары қатыса алады.

Сайыстың аймақтық іріктеу кезеңдері мамыр айының 13-19 аралығында өтеді.

1. 13 мамыр Атырауда - «Батыс» аймақтық жыр байқауы 

(Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі, 29 үй, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының облыстық филиалы) 

2. 13 мамыр Өскеменде – «Шығыс» аймақтық жыр байқауы 
(«Өскемен қаласы, Стахоновская көшесі, 70 үй, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының облыстық филиалы)

3. 16 мамыр Шымкентте - «Оңтүстік» аймақтық жыр байқауы 
(Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының облыстық филиалы) 

4. 17 мамыр Көкшетауда - «Солтүстік» аймақтық жыр байқауы 
(Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының облыстық филиалы) 

5. 17 мамыр - Алматыда 
(Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 177 үй, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының филиалы) 

6. 19 мамыр - Астанада 
(Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, «Қазмедиа орталығы»)
 

«Алтын құлын» халықаралық жыр байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- Батырлар жырын мәнерлеп оқу шеберлігі; 

- Байқауға берілген (жас ерекшелігіне қарай, 7-11 жастағылар үшін - «Алпамыс батыр», 12-14 жастағылар үшін - «Қыз Жібек») «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» жырларын міндетті түрде толығымен жатқа білу және басқа да жырлардан үзінділер оқу; 

- Қазақтың ұлттық аспаптарының бірінде ойнай білу; 

- Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу; 

- Қазақи нақыштағы киім үлгісі; 

- Жыр айтудан басқа да өз өнерін көрсету, яғни ұлттық аспаптың сүймелдеуімен халық әндері, термелер орындау немесе күй тарту т.б.

 

Хабарламаларға жазылу