«Chrysler» компаниясы 780 мың көлікті кері қайтармақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Chrysler» компаниясы 780 мың көлікті кері қайтармақшы

10.05.2014
«Chrysler» компаниясы 780 мың көлікті кері қайтармақшы
Америкалық автокөлік өндіруші  «Chrysler»  компаниясыесіктің электрлі терезе ашқышын басқару тетігінің ақауы  салдарынан шамамен 780 мың көлікті кері қайтарып алмақ.
 
«USA Today» басылымының   мәлімдеуінше,  ақау салдарынан есікке төгілген кез келген сұйықтықтан  өрт шығу қаупі бар.
 
Компания өкілі Эрик Мэйннің хабарлауынша, осы мәселе бойынша 36 оқиға тіркелген. Көлік иелерінің кейбірі есікке жауын-шашын тигеннен және шырын төгілгеннен қиындық туындағанын айтқан.
 
Ендігі жерде 2010 жылдың 25 тамызы мен 2013 жылдың 31-қазаны аралығында өндірілген «Dodge Caravan» және «Chrysler Town & County» модельді көлікті сатып алушылар 14-мамырдан бастап, сервис орталықтарына хабарласа алады, дейді  «USA Today» басылымы.
 
Айта кетерлігі, «Chrysler» компаниясы 2009 жылы италиялық «Fiat»  компаниясы активтерін сатып алуды тоқтатқанан кейін банкрот жариялаған. 
 
Келісімге сәйкес,  акцияның 68 пайызы автоөндірушілер кәсіподағы мен медициналық сақтандыру қорына, 20 пайызы «Fiat» компаниясына, ал, қалған 12 пайызы АҚШ пен Канада үкіметтеріне тиесілі болған.

 

 

Хабарламаларға жазылу