Көксу өзеніне батып кеткен ресейлік саяхатшының мәйітіне сот-медициналық сараптама жасалды. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, 5-мамырда Алматы облысының Ескелді би ауданына қарастыЖалғызағаш ауылы тұсынан өтетін Көксу өзеніне 36 жастағы ресейлік азамат Р.Папировский батып кеткен.
9-мамырда қалалық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары оның мүрдесін тауып, судан шығарды.