Blogtime.kz «Блог-марафон» байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Blogtime.kz «Блог-марафон» байқауын жариялайды

09.05.2014
Blogtime.kz «Блог-марафон» байқауын жариялайды
Blogtime.kz  жүлде қоры 2 миллион теңгеден асатын  «Блог-марафон» байқауын жариялайды. Байқау шарты бойынша,  кез келген сайысқа қатысуға ниет білдіруші аталған сайтқа тіркеліп, қазақ тілінде жазба жазуы керек.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазбалар саны мен тақырыпқа шектеу қойылмайды. Ал апта сайын марафоншылардың  бүкіл жазбаларындағы қаралу, пікір және ұнату сандары есептелініп,  рейтинг кестесінде жарияланады.

Байқау 1-мамыр мен  20-желтоқсан аралығында өтпек.
 

«Блог-марафон» жеңімпазына  1 000 000 теңге, 2-орынға 500 000 теңге, ал үшінші орынға 300 000 теңге берілмек.  

Хабарламаларға жазылу