Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Черноводье-Бадам» теміржол тармағының 3264-ші шақырымында пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Рельстен Шу-Арыс станциясы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының жүк тиелген 29 вагоны шыққан.
29 вагонның 8-не күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық тиелген.
Сондай-ақ, 2 контейнер вагоны, 1 вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс желісінің тіректері бүлінген.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, 19 сәуір күні Атырау облысы аумағында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті.
Ал, 20 сәуірде Жамбыл облысында жүк пойызы жолдан шығып, пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05