4 мамыр күні Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында «Талантты таңда»атты республикалық балалар байқауының финалы өтті.
Байқауға қатысушылар «Үздік вокалист», «Үздік биші», «Үздік аспапшы» және «Ерекше жанрдың үздік әртісі» аталымдары бойынша бақ сынасты.
Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы алдымен өнерін жеке орындауда ұсынды. Ол кезең жабық дауыс беру режимінде өтті. Ал одан кейін конкурсанттар кәсіби әртістермен өнер көрсетті. Мұнда дауыс беру ашық түрде өткізілді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша конкурстың жеңімпазы «Үздік вокалист» аталымы бойынша өнер көрсеткен 13 жасар астаналық Дильнұр Біржанова болды.
«Талантты таңда» – елдегі дарынды жастарды қолдау және шығармашылық бағыт беру мақсатында ұйымдастырылатын шығармашылық конкурс. Байқау 2013 жылдың 15 қазанында бастау алған болатын. Жоба аясында 3 іріктеу кезеңі және конкурстың жартылай финалы өтті.
Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Выбирай» журналы ұйымдастырды.