Бірлік мерекесі – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлік мерекесі – Ұлттық арнада

01.05.2014
Бірлік мерекесі – Ұлттық арнада
Ел тұтастығы мен татулығын паш ететін бұл мерекенің Қазақ елі үшін орны ерекше. Ынтымақ, бірлік, бейбітшілік күні біздің елімізде салтанатты түрде  аталып өтеді.
 
Мерекеге орай «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне үздік жобаларын ұсынбақ. Бүгін сағат 11.00-де «Астана. 1-мамыр - 2014 жыл» атты арнайы репортаждан қазақ халқының мерекені тойлау барысы эфиге шығады.
 
Ал 11.45-те «Ағайынбыз бәріміз» мерекелік концертінен сусындап, 12.20-да «Қазақстан - бірліктің бесігі» арнайы тележобасының  1-хабарын көре аласыздар. 12.45-те «Нұрсәулем-ай»балалар концертінен соң, 14.15-те «Қазақстан - бірліктің бесігі» арнайы тележобасының 2-хабарын тамашалауға мүмкіндік бар.
 
Сондай-ақ, 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуы да бүгінгі хабарын «Бірлігіміз жарасқан» деген тақырыпта өрбітпек. Бірлік, ынтымақ күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік концертін 17.00-де көріңіз.
 
Елін татулық жолына бастап отырған Елбасы туралы танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің«Балалық шағымның аспаны» фильмі 18.20-да басталады.
 
Ұлық мерекені Ұлттық арнамен бірге тойлайық!

Хабарламаларға жазылу