АҚШ-тың ұтыс қоры 414 миллион АҚШ долларын құрайтын жалпыұлттық «Mega Millions»лотореясының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды Huffington Post.
Ұтысқа Флорида штатының 35 жастағы екі тұрғыны - Робин Коллиер мен Рэймонд Мойер ие болған.
Әзірге олардың қайда тұратындары мен қызметтері жарияланған жоқ. Белгілісі, олар билетті Флориданың Мерритт-Айленд түбегіндегі супермаркеттердің бірінен сатып алған. Ал, сатушыға бұл ұтыстан 100 мың АҚШ доллары бұйырды.
Жеңімпаздар - Коллиер мен Мойер ұтысты бөлмей, барлығын бірден алуды ұйғарған. Алайда, Америка заңы бойынша олар ақшаны бірден алатын болғандықтан, ұтыстың тек 115 миллион доллары ғана беріледі.