«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» телекөпірін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» телекөпірін өткізді

30.04.2014
«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» телекөпірін өткізді
29 сәуір күні «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы үш ел басшыларының Минскідегі кездесу сәтіне орай, «Интеграция игіліктері» атты телекөпір өткізді.
 
Телекөпір Ресей және Беларусь мемлекеттері кәсіпорындарының қатысуымен құрылған Қазақстандағы «Агромаш Холдинг» АҚ, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «Деп» ЖШС, «Баян-Сұлу» АҚ, «Қарасу-Ет» ЖШС секілді іргелі өндіріс ошақтарынан және Ресейдегі «УралАЗ» ААҚ, Семейдегі «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ, Беларусь еліндегі «Гомсельмаш» ӨБ-нен телесюжеттер дайындалып, телекөпір форматында берілді.
 
Бір сағат шамасында өткен хабарға Ресей және Беларусь елдерінен біріккен кәсіпорын басшылары, облыс әкімінің орынбасары, салалық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
 
Екі тілде өткен телекөпір Кедендік одақтың берері мен берекелі болашағы туралы пайым-пікірлерді  тоғыстырды.  Сондай-ақ, үш елдің арасындағы экономикалық байланыс, интеграция, Кедендік одақ қалыптастырған кедергісіз алыс-берістің келешегі туралы сөз қозғалды.

Хабарламаларға жазылу