Шарын шатқалындағы қайғылы жағдай бойынша екі қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдай бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

02.06.2021

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіндегілер хабарлады. Қазір заңның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату немесе қызмет көрсету, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпеу баптары бойынша тергеу басталған.

Естеріңізге салайық, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 1 оқушы жоғалып, 6 адам түрлі жарақат алған.

Ал Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем табиғи паркі аумағында жоғалып кеткен екі саяхатшы туралы әлі дерек жоқ. Кеше мамандар барлау кезінде туристер бірінің сөмкесін ағаштар арасынан тапқан. Табиғи парк аумағында іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Нұрхан Нұрланұлы

шарын шатқалы шарын сел

Хабарламаларға жазылу