28 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында дәріс оқиды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Ал 29 сәуірде Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.