Астанада шегелі дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шегелі дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

25.04.2014
Астанада шегелі дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
Астанада көліктерге шегелі дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
  
 «Біріншіден, жерасты сулары, екіншіден,қазір қалада 1300 ірі нысан салынуда. Қалада 700 бетонараластырғыш көліктер жүруде. Бұл - жылына 200 миллион рейс жасайтын көлемді көліктер. Сондай-ақ, қысы-жазы  кірпіш, тақта таситын басқа да 400 мың үлкен көліктер тағы бар. Шегелі дөңгелегі бар көліктер алты ай қыста бір сантиметр асфальтті сызып тастайды. Европада мұндай дөңгелектер мүлдем қолданылмайды»,-деді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына  елорданы  дамыту жөніндегі кеңесте.
  
 «Шегелі дөңгелектер асфальттың беткі қабатын бүлдіретіні дәлелденген дүние ме», деп сұрады Президент. «Иә, дәлелденген»,-деді Астана әкімі. «Ендеше бұл мәселені ақылдасып, мәслихат арқылы шешім қабылдаңыздар»,-деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу