Қазақстан үш жылдың iшiнде пайдалы қазбаларды есептеудің жаңа жүйесіне көшедi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан үш жылдың iшiнде пайдалы қазбаларды есептеудің жаңа жүйесіне көшедi

26.06.2015
Қазақстан үш жылдың iшiнде пайдалы қазбаларды есептеудің жаңа жүйесіне көшедi

Қазақстан үш жылдың iшiнде пайдалы қазбаларды есептеудің жаңа жүйесіне көшедi. Бұл туралы Энергетика министрi Владимир Школьник мәлiмдедi.

«Пайдалы қазбалар есебiнiң халықаралық жүйесiн құру, 47-ші қадам - бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған.

«Ескi жүйенi биржалар да, Халықаралық қаржы институттары да мойындамайды. Тіпті, ескi жүйе мұнай бағасының өзгеруiн де есепке алмайды. Осы орайда, алдағы үш жылдың iшiнде Қазақстанда пайдалы қазбалар есебiнiң жаңа жүйесiне көшу қолға алынбақ»,- дедi министр.

Владимир Школьниктің айтуынша, Қазақстанда кен орындарының 15 пайызға жуығы тиімділіктің шегінде тұр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу