Жансейіт Түймебаев: Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу арқылы экономикасы қуатты мемлекетке айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансейіт Түймебаев: Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу арқылы экономикасы қуатты мемлекетке айналады

26.06.2015
Жансейіт Түймебаев: Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу арқылы экономикасы қуатты мемлекетке айналады

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу арқылы әлемдік нарыққа шығып, экономикасы қуатты мемлекетке айналады.

20 жылға жуық жүргізілген келіссөздердің нәтижесі жемісті болды. Анкарада түріктің беделді бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілермен және саяси сарапшылармен кездескен Елші Жансейіт Түймебаев осылай деді.

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту туралы келіссөздердің аяқталғанына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде түркиялық журналистер көкейде жүрген сауалдарын қойды. Оларды Қазақстанның ұйымға толық өту мерзімі, бауырлас елдің одан кейінгі әрекеттері мен экономикалық жоспарлары қызықтырды.

Сондай-ақ, басқосуда Астана күніне жоспарланған іс-шаралар туралы да мағлұмат берілді.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу