Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалды

22.04.2014
Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалды
Бүгін «Колёса» ЖШС «Бэринг Восток» қорының  15 миллион доллар көлемінде инвестиция салғаны және www.market.kz жаңа жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
 
«Колёса» ЖШС бақылаушылар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, бұл қазақстандық интернет тарихындағы ең үлкен келісім.
 
«Бэринг Восток» қорларында Яндекс, Озон және Авито сияқты танымал интернет компанияларға инвестиция салудың аса табысты тәжірибесі бар. «Бэринг Восток» сынды халықаралық инвестордың келуімен біздің компания үшін даму мен нарықтық позициясын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашылады.
 
Еске сала кетейік, «Колёса» ЖШС Қазақстандағы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы жеке жарнамаларды орналастыру мен жариялау бойынша көшбасшы.
 
Бұған дейін компания иелегінде www.kolesa.kz, www.krisha.kz  сайттары болған еді. «Колёса» ЖШС директоры Николай Бабешкиннің айтуынша, жаңа қосылған www.market.kz сайты қазақстандықтарға кез келген тауарды сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді.
 
«Бізге салынған инвестицияны сайтты дамытуға жұмсамақпыз. Жуық арада нарықта бірінші болу - басты мақсатымыз» деп атап өтті ол бүгінгі баспасөз мәслихатында.
 
www.kolesa.kz және www.krisha.kz сайттары 2006 жылдың көктемінде іске қосылған. Қазіргі кездеwww.kolesa.kz Қазақстанда автокөлік саудасы туралы хабарландырулардың №1 сайты, алwww.krisha.kz жылжымайтын мүлік бойынша Қазақстанда №1.
 
Өткен жылдың басында компанияны Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким сатып алған еді.

Хабарламаларға жазылу