Бүгін, сағат 12:00-де Астанада, Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Үкіметінің отырысында қаралған мәселелерді түсіндіруге арналған брифинг өтеді, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Жиында ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары туралы Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы мен Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов баяндамақ жасамақ. Сондай-ақ, Үкіметтің Жол картасын жүзеге асыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы талқыланбақ.
Брифингке ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Е.Бахмутова, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев қатысады деп күтілуде.