Жасөспірім 5,5 сағат ұшақтың шассиіне арналған отсекте ұшқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірім 5,5 сағат ұшақтың шассиіне арналған отсекте ұшқан

21.04.2014
Жасөспірім 5,5 сағат ұшақтың шассиіне арналған отсекте ұшқан

16 жастағы жасөспірім американың Калифорния штатынан Гавай аралдарына дейін 5 жарым сағаттай «Hawaiian Airlines» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың шассиге арналған отсегінде ұшқан.  

Баланы Мауи аралындағы әуежай қызметкерлері тауып алған. 11 шақырым биіктікте ауа жетіспеушілігіне және жоғары температураға қарамастан, жасөспірімге еш зақым келмеген,-деді әуекомпания өкілдері. Ұшақ белгіленген жерге бес сағаттан астам уақыт  ұшқан.

ФТБ өкілдері баланы тергеп, еш айып тағылмайтынын айтып, босатып жіберген. Алдын ала болжамдарға сәйкес, ол мұндай қадамға ата-анасымен келіспей қалған соң баруы мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу