Жамбыл облысының Қордай ауданында Кенен Әзiрбаев атындағы ауыл бар. Қазақтың ән өнерiнiң дәнi себiлген ауыл бұл. Арғы тарихқа бармай-ақ қояйық, бүгiнгi эстрадада Кенен ауылынан шыққан әншiлер жеткілікті.
Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Мақсат Базарбаев. Бұлардың бәрi де өнерде өз орындарын тапқан талантты әншiлер. Бұлар — Кенен атамыз iргетасын қалаған әншiлiк өнердiң мектебiнен сусындаған өнерпаздар.
Талантты әнші Мақсат Базарбаев елге «МузАРТ» тобы арқылы танылды. Кейіннен жеке кеткен әнші тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантып жүр.
Әншінің негізгі мамандығы – актер. Ең алғаш «Бауыржан шоу» театрында өнер көрсеткен.
Бүгін 11.05-те «Сыр-сұхбатты» көріңіз.