Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Тексеру жұмыстарын 7 бағытта жүргізетін 7 топ құрылған. Олардың құрамында Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы және әкімдіктің қызметкерлері бар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс полкі мен медициналық апат бөлімшесінен 150 адам мен 19 құтқарушы техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, Ішкі істер министрілігінен 20 адам мен 4 техника, Денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 техника, жергілікті атқару органдарынан 10 адам мен 3 техника бар.
Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарын министр Владимир Божко басқарады. Ол қазір апат болған жерде.
«Ысты желі» ашылды – 8 (7212) 78-86-86. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары көмектеседі. Көкпекті ауылында ашылған медициналық бекетке 9 адам шағымданған. Оның 6-ы суық тиюге байланысты ауруханаға жатқызылған.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің дағдарыс орталығының нөмірі - 8 (7212) 33-04-35, 8 (7212) 33-07-55.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Көкпекті ауылында су қоймасының бөгетін су шайып кетуі салдарынан 100-ге тарта үйді су басты. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза болған 4 адамның мәйіті табылған.