Түлкібас алмасы брендке айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлкібас алмасы брендке айналады

28.03.2014
Түлкібас алмасы брендке айналады
Кеңес дәуірінде Мәскеуге танымал болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының алмасы  қайта сұранысқа ие бола бастады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
 
«Қазіргі таңда ауданда 2800 гектар жерде алма егіліп, әр гектарынан 4 тонна өнім алынуда.  Облыс әкімі А.Мырзахметов осы өңірдің бау-бақша егуге қолайлы болуына байланысты бағбандық шаруашылықты қолға алуды тапсырған болатын. Осының негізінде биыл тағы қосымша 500 гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарлануда»,  делінген хабарламада.

Алдағы жылдары түлкібастықтар алма бағының көлемін ұлғайтып, Түлкібас алмасын қайтадан еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр.

Хабарламаларға жазылу