«Boeing 777» ұшағы жолаушыларының туысқандарына өтемақы ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Boeing 777» ұшағы жолаушыларының туысқандарына өтемақы ұсынылды

25.03.2014
«Boeing 777» ұшағы жолаушыларының туысқандарына өтемақы ұсынылды
«Malaysia Airlines» әуе компаниясының басшылығы «Boeing 777»  ұшағында болған жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмады деп мәлімдеді. Олардың туысқандарына ақшалай өтемақы ұсынылды, деп хабарлайды CNN.
 
«Malaysia Airlines» компаниясының «Boeing 777» ұшағы Үнді мұхитында құлағандығы жөнінде компания басшысы мен Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак хабарлаған болатын. Алайда халықаралық іздеу жұмыстары жалғаса бермек.
 
«Әуе лайнері жоғалып кетті, бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалған жоқ», - делінген «Malaysia Airlines» хабарламасында.
 
Компания өз сайтында 17 күн бұрын MH370 рейсі бойынша жолға шыққан адамдардың туған-туыстарына көңіл айтады. Сонымен қатар, сайттағы хабарламада оларға 5 мың доллар көлемінде өтемақы төленетіндігі жазылған. Әуе компаниясы қосымша төлемдер жасауды көздеп отыр, деп хабарлайды CNN.

Хабарламаларға жазылу